Basty bet

Халықаралық байқаушылар сайлауалды штабқа барды

 

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы ТМД-ның байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен осы ұйымның мүшесі Алла Харченконы қабылдады.

Кездесу барысында үміткер үгіт-насихат науқанының барысы мен сайлауалды штабтарының жұмысы туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, Қ.Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталды. Халықаралық байқаушылар үміткердің өзі де, оның сайлауалды бағдарламасы да ерекше жарқын екендігін атап өтті, деп мәлімдейді Қ.Әбденнің баспасөз қызметі.

«Біздің миссия 27 қазаннан бастап жұмысқа кірісті. Қазақстандағы сайлау науқанын байқау бойынша бұл біздің 16-шы миссиямыз, ал жалпы ТМД аумағы бойынша – 119-шы. Сайлауалды компанияның өту барысы туралы үміткердің пікірін өз аузынан есту, оның үгіт-насихат жұмыстарын өткізу мүмкіндіктерін қалай бағалайтынын білу біз үшін маңызды болды. Үміткер тарапынан айтылған барлық мәліметті біз саралап, өзіміздің қорытынды құжаттарымызға енгіземіз», – деп мәлімдеді Евгений Козяк.

Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді.

Таңдаулы материалдар

Close