Basty bet

Отбасы институтын жаңғырту маңызды

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қа­уы­­мы бол­ған­дықтан олардың тарапынан кандидат ұсын­ған ана­­­лар­ды, көпбалалы отбасыларды қолдау және ұлттық құн­­­­ды­­­­­лық­та­рды дәріптеуге қатысты іс-шараларға баса мән берілді.

«Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды бағдарламамда бұл сұрақтарға көп көңіл бөлінген. Әрбір отбасы, әсіресе көп балалы отбасының рухани-өнегелік әлеуеті зор, сондықтан ол халықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін маңызды ұғым болып табылады. Қазіргі кезде отбасы институтын жан-жақты нығайту, оның мәртебесін арттыру, көпбалалы аналарға қолдау көрсету ерекше маңызды», деді Қ.Әбден.

Кездесуге ОБСЕ байқаушылар миссиясының өкілдері Крис­тофер Маккалоу мен Кристина Богданова қатысты. Олар үгіт-насихат науқанының барысымен, Қарақат Әб­ден­нің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Айта кетейік, кандидат Қ.Әбден осы уақытқа дейін 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді.

Таңдаулы материалдар

Close