Basty bet

Көлік жүргізу кезінде марихуана тұтынған

Жуалы аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-б. 1-б., (Есірткі, заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) бойынша А.-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.
Іс материалына сәйкес, азамат А. Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылының тұсындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында жол полициясы қызметкерлерімен тоқтатылған. Тінту барысында қызметтік ит көліктің ішінен күдікті иісті сезіп, полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін Тараз қаласы наркологиялық диспансеріне тексеру үшін жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес азамат А.-ның «Кептірілген марихуана» есірткі затын тұтынғаны анықталған.
Жоғарыда аталып өткен құқықбұзушылық үшін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және немесе 40 АЕК-дейін айыппұл салу жазасы қарастырылған.
Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, оған ӘҚБтК-нің 440-1-бабы 1-1-бөл. бойынша 121 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Л.МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close