Basty bet

Жас сайлаушылармен кездесті

3 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.
Шараға «Жуалы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлбақыт Айтқұлова, «Мехрибан» әзірбайжан этно-мәдени ұлттық орталығының төрайымы Эсмира Мамедова, аудандық білім қызметкерлері Кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнұр Қадырбек, «Жуалы аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсатбек Әбдібеков, аудандық білім мекемелерінің Кәсіподақ комитетінің заңгері Гүлжан Орымбаева және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, жас сайлаушылар қатысты.

Шараның мақсаты – сайлау мәдениетін арттыру, сайлаушыларды сайлау туралы хабардар ету, дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау, сайлаушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті істерді басқару мәселелеріне сайлаушылардың қызығушылығын арттыру.
Жиынды аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Нүрзия Алтыбаева жүргізді. Ол алдымен қатысушыларды Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтап, сайлау науқанындағы ережелермен таныстырды.
– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды. Сонымен қатар, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға және саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы кәсіби негізде, аумақтық сайлау комиссиясының қалған мүшелері мен учаскелік сайлау комиссиялары қоғамдық негізде жұмыс істейді, – деген Нүрзия Бахтыоразқызы 2021 жылғы сайлау заңнамасындағы өзгерістерге кеңінен тоқталып өтті. Одан бөлек, Дүниежүзілік сайлау күнінің тарихына шолу жасады.
Әрі қарай, сұрақ-жауапқа кезек беріліп, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

 

Таңдаулы материалдар

Close