Basty bet

Мектеп оқушылары зейнеткердің алғысына бөленді

Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейдің аға тәлімгері Салтанат Қадырбекқызының жетекшілігімен «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері «Асар» жобасы аясында денсаулық саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен зейнеткер Манат Үсембаеваның ауласын қардан тазарту жұмысын жүргізді.
Өз кезегінде денсаулық саласының ардагері аталған мектептің басшыларына, аға тәлімгеріне және 8-9 сынып оқушыларына аудандық газет арқылы алғысын білдірді.
– Аға тәлімгер Салтанат Қадырбекқызы бала күтіміне байланысты демалыстан шыққанына аз уақыт болса да, біршама игі істердің басы-қасынан табыла білген ұстаз. Ол «Мектеп Парламенті» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Қыз Жібек» қыздар ұйымына жетекшілік етеді. Түрлі іс-шаралар, кездесулер ұйымдастырып оқушылармен тығыз байланыста болады. Қыстың қаһарына қарамастан, зейнеткер аналардың кез келген өтініштерін елеусіз қалдырмай, ұйым мүшелерімен бірлесіп жақсылық жасауда. Мұндай бастама бәрімізге қуаныш сыйлайтыны анық. Олар бес жыл шамасында қыс мезгілінде қар күреу жұмыстарын жүргізсе, көктемде ағаш отырғызу, аула тазалау жұмыстарына үнемі көмектесіп жүреді. Ал, мектеп оқушыларының мұндай жанашырлығын, қамқорлығын көру біз секілді зейнеткерлерге үлкен қуаныш, – дейді Манат Үсембайқызы.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close