Basty bet
Партия атынан үміткерлер ұсынылды
Аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы өтті.
Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков жүргізіп отырды.
Конференцияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе – «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жуалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы Руслан Сайлаубаевқа сөз берілді. Р.Сайлаубаев “Бір мандатты сайлау округтері бойынша Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына ұсынылатын кандидаттарды келісу туралы” партияның Саяси кеңесінің Қаулысы бойынша кандидаттардың тізімін оқыды. Делегаттардың келісімімен кандидаттар тізім бойынша бірауыздан ұсынылды.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша құрамнан шығарылған азаматтардың орнына жаңадан Нүрила Мәлібекова мен Эльмира Абишева енгізілді. Ұсынылған азаматшалар конференция делегаттары тарапынан қолдау тапты.
Үшінші мәселе бойынша “AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцияны Марат Аманғалиұлы қорытындылап, партия атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер болған партияластарға сәттілік тіледі.
“Жаңа өмір”- ақпарат