Basty bet

Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй мен пәтерлердегі өрттің шығуына негізгі себеп – немқұрайдылық. Жас балалардың қолындағы сіріңке өте қауіпті. Балада өртейін деген бөтен ой жоқ болады. Тек тұтанған сіріңкені қызық көреді.
Апат айтып келмейтіні белгілі. Сапасыз жасалған электр желілерінен де өрт пайда болады. Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр желілерін және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйін де үйде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып жатыр. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
Есіңізде сақтаңыз!
Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігін сақтаған жөн. Олар: электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз. Сонымен қатар, уақытша және зақымдалған электр сымдарын пайдаланбай, үлкен көлемді электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеген абзал. Одан бөлек, газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбай, сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн және балалардың отпен ойнауына жол бермей, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қуаныш МЫҚТЫБЕКОВ,
аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны.
Бақтияр МАҒЫРТАЙ,
аудандық
Төтенше жағдайлар
бөлімінің аға анықтаушысы,
азаматтық қорғау капитаны

Таңдаулы материалдар

Close