Basty bet
Маңызды мәселелер назарға алынды
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаевтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының төрағасы өз кезегінде отырыстың күн тәртібімен таныстырып, аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының, аудандық мәслихаттың регламенті мен ережесін бекіту, кейбір шешімдердің күшін жою туралы ұсыныс-хаттармен таныстырды.
Хабарламашы аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Жалғас Сыдықов және аудандық мәслихат аппаратының басшысы Шынаркүл Әбдікерімова хабарлама жасады.
Сонымен қатар, отырыс барысында әртүрлі мәселелер қаралып, төмендегідей Шешімдер қабылданды:
1.«Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің» 2023 жылғы 28 наурызындағы №57 ұсыныс хаты негізінде «Жуалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» және «Жуалы аудандық маслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешім жобалары қаралып, оң ұсыным берілсін.
2.«Аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 28 наурызындағы №56 «Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды және жойылды деп тану туралы» ұсыныс хаты негізінде шешім жобасы қаралуына байланысты оң ұсыным берілсін.
3.Аудан әкімі аппарат басшысының 2023 жылғы 6 сәуір айындағы №6-758 «Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» ұсыныс хаты негізінде шешім жобаларының қаралуына байланысты оң ұсыным берілсін.
4.Аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Мирас Лесбекті өз өтініші бойынша хатшы лауазымынан босату үшін заң талабына сайкес аудандық мәслихат аппаратына ұсыныс берілсін.
Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 15 бабына сәйкес, И.Ж.Көпбаев аудандық қоғамдық кеңес құрамынан мерзімінен бұрын шығарылсын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 7 бабы, 2 тармағы 1,2,3,4,5 тармақшаларындағы қоғамдық кеңес мүшелерінің міндеттері әр ауданның қоғамдық мүшелеріне дербес таныстырылсын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 02 қарашасындағы №383 Заңының 9-бабы, 9-тармағына сәйкес, қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс өткізу үшін шешім қабылдансын.
2023 жылдың I жартыжылдығына азаматтық қоғамның пікірлерін, қоғамдық бақылау тетіктерінің негізінде жасалған, бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің үш тұрақты комиссиялары (төрағалары С.Жұмашев, Е.Тоғайбаев, Б.Мұратбаев) «мекемеге» шыққан кезде зерделеу, талдау, қоғамдық бақылау жүргізу барысында жұмыс жоспары негізге алынсын (мерзімі, қамтылатын нақты мекеме, зерделенетін,талданатын жұмыс түрі т.б).
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»