Basty bet

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жергілікті тұрғындар арасында көлікті масаң күйде жүргізіп жүрген азаматтар өкінішке орай әлі де кездесуде. Бұл өз кезегінде жол апатына немесе жолда жүрген тұрғындардың және ойнап жатқан кішкентай балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретінін белгілі. Сол себептен қазіргі таңда аталған құқық бұзушылықтарға қатысты жаза қатаң екенін әрбір көлік жүргізуші білгені жөн.
Бұған мысал ретінде көлік жүргізушіге қатысты қаралған әкімшілік істі айта кеткен дұрыс болады.
10.04.2023 жылы Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша Э.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Б.Момышұлы ауылында Э.-ның көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде басқарғаны анықталды. Cот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен Э. ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Масаң күйде көлікті жүргізген азаматтар жоғарыда аталған қауіпті салдарларды ескере отырып, алдағы уақытта оған жол бермеуі қажет. Өйткені көлік әркімге отбасын асырау үшін қажет екенін барлығы білгені абзал.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close