Basty bet

Оқу-тәжірибелік жаттығу өтті

Жыл сайын өрт қауіпті айлары басталар алдында аудан аумағында дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығу өткізіледі.
Биылғы практикалық оқу-жаттығуға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №7 Өрт сөндіру бөлімі мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің және Ақтөбе ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері мен құралдары қатысты. Оқу-жаттығу кезінде шартты орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралардың өзара іс-әрекеттері пысықталды.
Оқу-жаттығуға Жамбыл облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Шайкрамов, мемлекеттік өрт сөндіру бақылау басқарма бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі М.Жатқанбаев, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Бекболат қатысты.

Бақытгүл Жексекеева,
аудан әкімінің бас инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close