Basty bet
Сот несие беруші мен қарызгер арасындағы бітімгершілік келісімді бекітті
Жуалы аудандық соты, қарызды өндіру туралы дау бітімгершілікпен шешілгенін хабарлайды.
Сотпен анықталғандай, жауапкер Ж. мен талап қоюшы «Б-кредит» ЖШС арасында 2021 жылы 2 000 000 теңге сома мөлшерінде 2 жыл мерзімге несие алу туралы келісім шарты жасалынған. Келісім шартқа сәйкес жауапкер несиені уақтылы қайтаруға міндеттелген, азаматша А. міндеттемелердің орындалуына кепілдік етуші болды, алайда жауапкер аталған талаптарды орындамаған.
Талап қоюшының дауды сотқа дейін шешу іс-әрекеттері мен жауапкерге бірнеше мәрте жасалынған ескертулер мен хабарламалары ескерілмей, талапкердің сотқа жүгінуіне себеп болды.
Талап қоюшы өзінің талап арызында, жауапкерден несие бойынша қарызды жалпы 1 262 836 теңге және 37885 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұрады.
Істі сотқа дайындау барысында, тараптар татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, дауды бітімгершілікпен шешудің жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде бітімгершілік келісімге қол жеткізілді.
Сотпен бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер 2024 жылдың 25 сәуіріне дейін 1 157 599 теңге қалған қарызды өтеуге міндеттенді, талап қоюшы өз кезегінде барлық талабынан бас тартты.
Келісім сотпен бекітіліп, іс өндірісімен қысқартылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Н.Манасұлы,
«Жаңа өмір»