Basty bet
Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды
Аудан прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Атап айтқанда, Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау арқылы 4 кәсіпкерді заңсыз жауаптылыққа тарту дерегі орын алған.
Аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларға аудан прокуратурасы сотқа наразылықтар енгізіп, олардың күштері жойылды.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемерді бұрмалаған Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің әрекеттерінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 416-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілерінің болуына байланысты, процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Бұдан бөлек, Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы негізсіз 72 жеке кәсіпкерге қатысты салық бұйрықтарын шығарып, олардың конституциялық құқықтарын бұзған.
Аудан прокуратурасы енгізген қадағалау актісін қарау нәтижесімен барлық заңсыз шығарылған салық бұйрықтарының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Жуалы ауданының прокуратурасы