Basty bet

Үйірменің үйретері мол

Өткен апта Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің ішінен ашылған үйірмелер бойынша «Біз сегіз қырлы, бір сырлымыз!» атты есеп беру концерті өтті.
Ауылдық мәдениет үйі бой көтергелі міне төрт жылға жуық уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында үйірме жұмысы қарқынды дамып, ауыл балаларымен тығыз жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі таңда, Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінде бес үйірме жұмыс жасайды. Олар «Жас шебер» балалар қолөнер үйірмесі, «Сырлы әуен» балалар вокал үйірмесі, «Шабыт» балалар би үйірмесі, «Асыл аналар» әжелер әуесқой клубы мен қоса ақпан айынан бері «Халің қалай, ақ келін?» келіндермен сырласу үйірмесі өз жұмысын жалғастырып келеді.
Үйірмелердің жарты жылдық есеп беру концерті ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастағандай. Кіреберіске «Жас шебер» балалар қолөнер үйірмесінің көрмесі қойылды. «Шабыт» би тобының қыздары «Жас толқын» биімен концертімізді ашса, бишілеріміз «Ковбой» және «Колыбельная» билерін билеп, көрерменнің көңілдерін көтерді. Әрі қарай, «Сырлы әуен» балалар вокал үйірмесінің қатысушылары, Ерғали Ержігіт, Тағанбай Еламан, Сыдық Индира, Жақсылық Мадина және Орысбек Гүлхан «Ана», «Әке», «Ата, Әже», «Мама» және «Ертеңіме сенемін» әндерін орындаса, «Халің қалай, ақ келін?» үйірмесінің мүшелері «Әкеге сағыныш» көрінісімен көрерменнің көздеріне жас ұялатты.

Хадиша Жақыпқызы,
Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің
үйірме жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close