Basty bet

Әскери қызметшілер жасырын түрде телефондарын әскери бөлім аумағына кіргізген

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 652-б. 6-б. (Бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) екі әскери қызметші Е. және С.-ке қатысты істер қаралды.
Сотпен анықталғандай, мобильді құрылғыларды әскери бөлімнің аумағына кіргізуге тыйым салынғандығына қарамастан, жоғарыда аталып өткен әскери қызметшілер 15-16 ақпан күні Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімінің БӨП ен өту кезінде телефондарын алып өткен. Аталған телефондардың интернетке шығу мүмкіндігі және фото-бейне түсіру функциялары бар. Осылайша әскери қызметшілер әскери бөлім командирінің бұйрығын орындамаған.
Тараз қаласының өңірлік гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығына жазылған түсіндірме хатында, олар өзінің туыстарымен сөйлескісі келгенін айтқан.
Cот отырысында әскери қызметшілер өз кінәларын толық мойындап, аталған факті бойынша түсіндірме берді.
Сот қаулысымен әскери қызметшілер Е. және С. ӘҚБтК-нің 652-б. 6-б. бойынша кінәлі деп танылып, оларға 75 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close