Basty bet
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы №259 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №172 бұйрығы
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 23 мамырдағы № 172 Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына 1-қосымша
“Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері 1) Мемлекеттік корпорация; 2) “электрондық үкімет” веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал); 3) көрсетілетін қызметті беруші; 4) “Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (www.enbek.kz).
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының 2) Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіденбастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; 3) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 4) “Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі 1.Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: 1) “Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); 4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса) ұсынады. Жеке куәлік пен деректер “Еңбек нарығы” ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 2. Портал немесе “Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мәліметтер нысанын толтырады. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтер осы Стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
10 Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) www.enbek.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz; 3) Порталда www.egov.kz; 4) “Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: “1414”, 8-800-080-7777. “Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі “цифрлық құжаттар” бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді” Жүктеу
Халықты жұмыспен
қамту орталығы