Qoǵam
Басты мақсат – ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуетін көтеру
«Nurai Plaza» орталығында «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің қатысуымен тренинг өтті.
«Азаматтардың белсенділігін көтеру орталығы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысындағы ауылдық Үкіметтік емес ұйымдарының потенциалын көтеру» тақырыбындағы тренингке «Жуалы Шапағат», «Мехрибан», «Жуалы әйелдері», «Жуалы Береке», тағы да басқа қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Шараны «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нильзия Рахишева ашып, жүргізіп отырды.
Нильзия Алғазықызы қатысушылармен жеке-жеке танысып алған соң, қоғамдық бірлестікті ашып, жүйелі, табысты жұмыс істеу барысындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.
-Тренингтің мақсаты – сіздерге Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңды түсіндіру, «Мемлекеттік гранттарға қатысу үшін ҮЕҰ-да қандай құжаттар болуы керек? Ол құжаттар қалай жасалады? Қаржыны қалай тиімді жұмсауға болады? Жұмыс барысында кездесетін проблемаларды қалай шешуге болады?», т.б сұрақтар төңірегінде қажетті мағлұматтар беру,- дей келіп, Нильзия Рахишева әріптестеріне жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге әріптестері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Перизат Нүрпейісова,
«Жаңа өмір»