Qoǵam

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік

Сіз отыру тұрғаннан қарағанда анағұрлым зиян екендігін білесіз бе? Бұл жағдай тірек-қимыл жүйесіне, әсіресе омыртқа бағанасына аса зиянды. Олай болса, 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларда сүйек аппаратының қалыптасу және өсу кезінде, сондай-ақ мектептен білім алуына байланысты (ұзақ уақыт оқу партасында отыру) сколиоз ауруының диагностикалауына таңқалуға болмайды. Сколиоз сөзі аудармасында «қисайған омыртқа бағанасы» деген мағынаны береді, ол дегеніміз – омыртқа бағанасының бір жағына қарай қисаюы.
Бала арқасының қисаюының алдын алу үшін үнемі оқушылардың арасында сколиоз ауруының профилактикасын өткізіп тұру қажет және кем дегенде жылына бір рет арнайы маманға көрсету керек. Үнемі оқушыға арқасын түзу ұстауын ескертіп, жаттығуларды орындауын бақылауға алған жөн.
Тәжірибе көрсеткендей, арқа қисайюының көп жағдайы емдік дене шынықтыру жаттығулары арқылы түзелуде. Ол үшін күн сайын қыздыру жаттығуларын орындап, кеуде қуысы мен арқа бұлшықеттерін жаттықтыру қажет. Таяқтың көмегімен еңкею, арқамен жүзу өте пайдалы. Алайда бұл жаттығулардың барлығы үнемі орындалғанда ғана пайдалы болмақ.
Ата-аналар оқушының жұмыс орнын реттеп отыруы қажет. Яғни, баланың аяғы еденге тиіп тұруын емесе арнайы табан қойғыштың тұруы тиіс, тізесі тік бұрыш жасап бүгілуі қажет. Кеуде қуысы мен үстелге дейінгі қашықтық кем дегенде 10 см болуы керек.
Жылына бірнеше рет (дәрігер ұсынуы бойынша) бала массаж курсын ең дұрысы гимнастикамен қатар алғаны дұрыс. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуы үшін балалар қатты ортопедиялық матрастарда ұйықтаулары тиіс. Кіші жастағы балалар үшін ортопедиялық латекстен жасалған, ал жасөспірімдер үшін тәуелсіз пуржиналы матрас болғаны дұрыс.
Сондай-ақ оқушыларда сколиоз ауруының алдын алу, бұл – біздің балаларымыз арқа қисаюының салдарынан зиян шекпейтіндігінің кепілі.
Көру жүйесінің көп тараған патологиялық жағдайларының бірі жақыннан көргіштік болып табылады. Айта кететін жайт, 15-16 жасқа қарай бұл ауру 25-30% балаларда кездеседі. Балалардағы жақынан көргіштік жасөспірім жасқа жетпей пайда болады да, күшейе түседі.
Миопия (жақынан көргіштік) – алыстан көре алмаушылық және жақын қашықтықта жақсы көрушілік пен байланысты көру жүйесінің бұзылуы.
Жақыннан көргіштіктің ең басты алдын алу шарты – балаларда көру жүйесінің гигиенасын сақтау. Жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Баланың жазу үстелі әрқашан жақсы жарықтандырылуын қадағалаңыз. Ол терезеден немесе басқа жарықтандыру көзінен оң жағынан орналастырылуы керек. Жиһаз бала бойына сәйкес таңдалады. Монитор 30 см қашықтықта және көз деңгейінен 10 см жоғары болы тиіс. Бала жазғанда немесе оқығанда арқасын тік ұстауын қадағалаңыз.
Көру жүйесінің жаттығулары. Көзге арналған арнайы жаттығулар бұзылушылықтың өршуіне кедергі келтіріп, көрушіліктің анықтығын қалыпқа келтіруге жәрдемдеседі. Мұндай жаттығуларды бала сабақ арасындағы үзілістерде орындай алады. Олардың ішінде ең оңайы бір минут бойы көзді ашып-жұму, жақын және алыс орналасқан нысандарға алмастыра қарауды назарда ұстау, көзді ұқалау болып табылады.
Балансталған ұтымды тамақтану. Витаминдер мен минералдар көздің сау болуына және көрушіліктің өткірлігіне жәрдемдеседі. Күн сайын рационда міндетті түрде саумалдық, сәбіз, сары май, жұмыртқа, балық майы, мүкжидек, қарақарақат, цитрусты жемістер мен алма болуы қажет. Бұл өнімдерде лютеин, А, В, С витаминдері, антоциондар бар, олар көз саулығы үшін қажет.

Шолпан Мешелова,
аудандық тауарлар
мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін
бақылау басқармасының
жетекші маманы

Таңдаулы материалдар

Close