Qoǵam

Сурет салу байқауы өтті

Жақында 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Құрбандар рухына мың тағзым» атты онлайн сурет салу байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын жастар арасында насихаттау, халық мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде жастардың өнерін көпшілікке шығармашылық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Байқау талаптары бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар қатысып, арнайы бейнероликте суретшілер өздерін таныстырып, салынып жатқан суреттің тақырыбын атап өтіп, салынған суреттерін көрсетті. Шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Алмас Жолдасов, «Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының» суретшісі Қойшыбай Төремұратов, орталық кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Біләнқызы, жас суретші Бауыржан Тәжімұратов қазылық етіп, суретшілердің өнерін бағалады.
Шараны қорытындылай келе I орын Шақпақ ауылдық округінің №4 Қ.Сағындықов атындағы ОМ оқушысы Асылай Әмірбек иеленсе, II орынды Ақтөбе ауылдық округінің №11 Т.Тастандиев атындағы ОМ оқушысы Мөлдір Таңсықоваға бұйырды. Ал, III орын Қарасаз ауылдық округінің №6 А.Пушкин атындағы ОМ оқушысы Ұлжан Жақсылыққа бұйырды. Онлайн байқауға Қызыларық ауылдық округінен ең жас суретші Әділбек Асылмаржан, Шақпақ ауылдық округінен Қуаныш Аңсар, Асылхан Аяулым, №10 Күреңбел ОМ шығармашыл, белсенді жастар қатысып, бақтарын сынап көрді.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі

Таңдаулы материалдар

Close