Qoǵam
Сот отырысына мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік білдірді
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 653-б. 1-б., 440 б. 3 т. (Сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотқа құрметтемеушілік, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшуді қайталап жасауы) бойынша Н.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы Н. 2023 жылдың 3 сәуірінде қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысу кезінде, сот отырысына алкогольді мас күйінде келген. Осы іс-әрекетімен құқықбұзушы сотқа құрметтемеушілік көрсетіп, бұл мән-жай бойынша хаттама толтырылған.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасалған іс-әрекетіне өкінгенін көрсетті.
Сот қаулысымен Н. кінәлі деп танылып, оған ӘҚБтК-нің 653-б. 1-б. бойынша ескерту беріліп, ӘҚБтК-нің 440-б. 3-б. бойынша 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»