Qoǵam

Өрт қауіпті маусымы

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарға өрт қауіпті кезеңде қатаң тыйым салынғанын ескертеді:
– елді мекендерде және одан тыс жерлерде от жағу;
– құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағу.
– бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдырмаңыз, өйткені олар тұтандырғыш линзалар ретінде жұмыс істей алады;
– өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді, қазандық қондырғыларын жағу.
Сөндірілмеген сіріңке немесе темекіні тастамаңыз. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, оларды отпен ойнаудан сақтаңыз. Бұл – тек ата-ананың ғана емес, барлық азаматтардың міндеті!
Есіңізде болсын! Өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай!
Өрттердің көпшілігі адамдардың немқұрайдылығынан туындайды. Күнделікті өртке қарсы талаптарды сақтау өрт қаупін барынша азайтады.
Өрт болған жағдайда «101» және «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жуалы ауданы ТЖБ
және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close