Qoǵam
Заңға енген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді
Аудандық статистика басқармасында басқарма мамандарының және ауылдық округ әкімінің аппараты мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы ауылдық округтердің шаруаларын және кәсіпкерлерді хабардар ету мақсатында жиын өтті.
Басқарма басшысы Ерлан Тыныбеков сөз алып, ол 2024 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-1 және 12-2-баптары жаңа редакцияда қабылданғанын қатысушылардың назарына салды. (Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енеді).
-Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тәртібі өзгертілді. Заңда көзделгендей, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы анықталған кезде респонденттер профилактикалық бақылау жүргізбестен айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады. (Бұрын профилактикалық бақылау жүргізіліп, қорытындылар жіберілген, бұл респонденттерге айыппұл санкцияларын салмай есепті тапсыруға мүмкіндік берді) деді басқарма басшысы.
Жиын соңында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына жоғарыда атап көрсетілген өзгерістер туралы округ шаруалары мен кәсіпкерлерді хабардар ету тапсырылды.
Жуалы ауданының статистика басқармасы