Qoǵam
Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында кәсіпкерлік саласын назардан тыс қалдырған емес. Сол секілді 2021 жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болып отырғанын және өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білу керек екенін жеткізді. Осы тұрғыда Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды шешіммен айналысу керегін тапсырған болатын.
Сонымен қатар, бизестің жұмысында іркілістер мен шығындар болмауы үшін тиісті төлем жүйесін даярлау қажеттігін және бұл жаңа жүйе 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастауға тиіс екенін баса айтты.
Осы ретте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жуалы аудандық филиалының директоры Руслан Айтбаевпен палатаның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жаңа жылға арналған жоспары туралы сұхбаттасқан едік.
– Руслан Ғабитұлы, аудандық кәсіпкерлер палатасы өткен жылды қалай қорытындылады? Атқарылған жұмыстардың негізіне тоқталып өтсеңіз.
– Өткен жылы атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі экономикалық дамуы үдемелі өсуді көрсетіп отыр. Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 21 миллиард 123,4 миллион теңгені құрады.
Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 8 миллиард 693,5 миллион теңгені құрап отыр.
2021 жылы филиалға кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 15 шағым келіп түсті, оның 8-і оң шешімін тауып, бұл шағымдардың жалпы санының 28% құрады, 7 шағым бойынша түсініктемелер берілді.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында «Атамекен Тараз» микро қаржы ұйымына 33 тыңдаушысы жалпы сомасы 155,6 миллион теңгеге несие алуға өтініш берді, оның ішінде 13 жоба 59,4 миллион теңгеге қаржыландырылды.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан жеңілдетілген несие тетігі аясында филиал 3 жобаны сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №513 қаулысымен реттеледі. Осыған орай ауданымызда 2020 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына 384 тыңдаушы қатысып, 2021 жылы 28 жоба 16,3 миллион теңге көлемінде грант қаражатына ие болды. 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасын 251 тыңдаушы оқып, сертификаттарын қолына алған соң, оның ішінде 22 тыңдаушы қайтарымсыз грант игері атанды. Жалпы сомасы 12,8 миллион теңгені құрайды.
Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-маусым айларынд 5 862,8 миллион теңгенің өнімдерін өндірді.
2021 жылдың 1 шілдесіне аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 969 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 216 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2 303 жеке кәсіпкерлер және 2 448 шаруа қожалықтар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 623. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 552 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 244 адам орта кәсіпорындарда, 2 925 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 3415 адам, шаруа қожалықтарында 2 968 адам жұмыс істейді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 623-і немесе 93,0 пайызы жұмыс істеуде.
– Жалпы «Бастау-Бизнес» жобасының шарапатын көріп отырған кәсіпкерлердің қатары көбейген. Ендігі кезекте ағымдағы жылы осы жоба аясында оқытуға қанша кісіні қамтуды жоспарлап отырсыздар?
– Иә, сұрағыңыз өте орынды. «Бастаудың» басты ерекшелігі – кез келген жұмыссыз немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, өз ісін ашуға қаржылай қолдау көріп, жеңілдетілген несие ала алады. «Бастау-Бизнес» іске асырылғалы мұндай жобаның ел азаматтарына қажет екеніне көзіміз жете түсті. Бүгінгі күні «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, қайтарымсыз грант қаражатына ие болғысы келетіндердің қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантарлық жайт. Мұның өзі, ауданымызда жыл санап кәсіпкерлердің санының өсуін көрсетеді.
«Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлікті оқыту бойынша қанша адамды оқытатынымыз әзірге белгісіз. Ол алдағы наурыз айында белгілі болады. Жоспарды әлі облыс мақұлдаған жоқ. Яғни, қағаз жүзінде бекіткен жоқ. Сондықтан да, облыс тарапынан қолдау тапса, алдағы уақытта тағы да қосымша ақпараттармен бөлісетін боламыз.
– 2022 жылға тағы қандай жаңа жоспарлар бар?
– Айта кету керек, биыл «Бастау-Бизнес» жобасына біраз өзгерістер енгізіледі деп жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Atameken Academy онлайн-оқыту платформасында өтінім беру кезінде электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер орын алады. Оқуды іске асыру процесінде – онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңін алып тастау енгізіліп жатыр. «Бастау-Бизнес» түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Ұлттық палатаның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы мәлімет көп. Кез келген адам оқып танысуына және 1432 байланыс орталығына хабарласып, барлық сұраққа жауап алуға болады. Айта кететін жайт, бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылуда.
Одан бөлек, күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» атты мәлімдемесінде субсидия алу мәселесін жеңілдету туралы да нақты айтылды. Осы орайда алдағы уақытта ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесіп, мұң-мұқтаждықтарын тыңдап облысқа есеп берер кезде кәсіпкерлердің ұсынысынан нәтиже шығаруды ойлап отырмыз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, күшіміз – бірлікте екенін ұмытпағанымыз абзал.
Кәсіпкерлер палатасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге жан-жақты қолдап, кәсіп ашамын деген әр азаматқа бағыт-бағдар көрсету болып табылады. Осы орайда биыл да осы мақсатымыздан танбай, кәсіптің көзін табамын деген жандарға қызмет көрсететін боламыз.
– Әңгімеңізге рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан Мақпал СҮЙІНБАЙ,
«Жаңа өмір»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында кәсіпкерлік саласын назардан тыс қалдырған емес. Сол секілді 2021 жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болып отырғанын және өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білу керек екенін жеткізді. Осы тұрғыда Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды шешіммен айналысу керегін тапсырған болатын.

«Жаңа өмір»