Qoǵam

Бала – бақыттың бастауы

«Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасында Балаларды қорғау күніне орай іс-шара өтті. Ашық аспан алаңында әсем безендірілген сахна көңілді ән мен биге толы болды. Балабақша бүлдіршіндері дайындаған мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Ересек «Ақ көгершін» тобының «Қуыршақтар» биі мен балалардан құралған вокалды-инструменталды оркестрі орындаған «Адай» күйі көрермен көңілінен шықты.
Бітіруші түлектер тәрбиешілерге арнап «Тәрбиеші апайға» әнін ерекше нақышта орындап, қошеметке бөленді. Ал, «Балапан» тобының тәрбиеленушілері «Пойыз» сергіту сәтіне би билеп, қуаныш сыйлағаны анық.
Іс-шара соңында балабақша меңгерушісі Сабира Сабденалиева сөз алып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Іс-шара соңында жеке кәсіпкер, ата-ана Әйгерім Пірназова балаларға тегін балмұздақ таратты.
Еліміздің болашағы – балалар аман болсын. Көк аспанмен түстес туымыз тек биікте желбірей берсін!
Мақпал Әбілдаева,
«Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасының психологі

Таңдаулы материалдар

Close