Qoǵam

Құрметті автокөлік егелері !

Көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол көлік оқиғаларының орын алуына , адам өлімі мен материялдық шығын артуына әкеліп соғады. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамассыз етуге тікелей байланысты. Автокөкліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі, оның өрт қауіпсіздігін қамтамазсыз етуде.Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады.  Сондықтан автокөліктердің өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларда алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. Көліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:

Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізген кезде, мемлекеттік өрт бақылау бөлімі келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:

  • қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
  • электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
  • қосымша электр құрылғыларының /электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б./ дұрыс орнатылуы;
  • ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:

  • жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға
  • электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
  • автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
  • бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
  • жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға.

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

№7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close