Qoǵam
Отбасылар өзара сынға түсті
Жыл сайын 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі ретінде атап өтілетіні белгілі. Отбасы – рухани құндылықтың қайнар көзі. Жанұя – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың, береке-бірліктің ошағы және қоғамның алтын діңгегі.
Айтулы мерекенің қарсаңында «Отбасым – менің байлығым!» атты спорттық «Толағай» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа жас отбасылардан құралған 5 топ қатысты. Ойынның ережесіне сәйкес, отбасылар «Таныстыру», «Пингвин сайысы», «Шынықсаң шымыр боласың», «Мұртты Кенгуру» «Футбаскет» және «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыста жүлделі І орынды «Болашақ» тобы, ІІ орынды «Қыран» тобы, ІІІ орынды «Жалын», сонымен қоса, «Барыс» және «Жасұлан» топтары «Ең үздік отбасы» және «Ең алғыр отбасы» номинацияларымен марапатталды. Сайыс кезінде отбасылар белсенділік танытып, спорттық бәсеке жоғары деңгейде өтті.
Жарыс қатысушыларына Диплом, Алғысхаттар және бағалы сыйлық табысталды.
Насихат Кипралиева,
Көктөбе ауылдық клубының маманы