Qoǵam
Қайталама құқық бұзып, жауапқа тартылды
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 612-б. 3-б. (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша У. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың 30 сәуірінде, азамат У. бұрын көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Б.Момышұлы ауылы көшелерінің бойымен көлік басқарып, полиция инспекторына ұсталған.
Анықталғандай, құқықбұзушы екі ай бұрын сотпен автокөлігін көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін орнатып басқарғаны үшін, көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алайда, азамат У. одан сабақ алмай, қайтадан барлығына тең заңды бұзып отыр.
Cот отырысында азамат У. өз кінәсін толық мойындап, аталған факті бойынша түсініктеме берді.
Сот қаулысымен азамат У. ӘҚБтК-нің 612-б. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 120 мыңнан аса әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»