Qoǵam
Халық партиясының өкілдері азаматтармен кездесті
Өткен аптада ауданға «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді. Олар бірінші атбасын Б.Момышұлы мемориалдық мұражайына бұрды. Одан кейін аудандық «Достық» мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.
Кездесудің мақсаты – «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және ауыл жастары мен ауыл әйелдерін қолдау» және ҚХП ҚБ Жамбыл ОФ «Жуалы аудандық филиалының жұмысы және дамуы туралы» болды.
Кездесуге «ҚХП» ҚБ ОА өкілдері, «ҚХП» ҚБ «Әйел басшылары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, бизнестің, ЖОФ активтің өкілдері, «ҚХП» ҚБ өкілдері қатысты.
Кездесуді «ҚХП» ҚБ Жамбыл ОФ Жуалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Жәнібек Исаев ашып, сөзді «ҚХП» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жанат Бастаубаеваға берді.
– «ҚХП»-ның ҚБ Жамбыл облыстық филиалының депутаттары өңірдің тиісті мемлекеттік органдарына, өзекті мәселелерді жолдап, үнемі хабардар етіп отырады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, партияның мүшелігіне 166 адам қабылданған, ал 2023 жылы 700-ге жуық азаматқа партия билеттері тапсырылды. Партияның әлеуметтік желілерде “instagram/facebook/TikTok” парақшалары бар. Былтырғы жылы қоғамдық жеке қабылдауға 200 адам келді,- деді филиал төрағасы.
Кездесуде сондай-ақ «ҚХП» ҚБ ОА ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «ҚХП» ҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов, «ҚХП» ҚБ Әйелдер қанатының төрағасы, заң ғылымының кандидаты, СҚО сараптама тобының мүшесі Гүлбахша Мұсабаева, «КХП» Жамбыл облыстық филиалының “Әйелдер қанатының” төрағасы. Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының м.а Айгүл Жарқынбаева сөз сөйледі.
«ҚХП» Жамбыл облыстық филиалының төраға орынбасары Мирас Нұрғалиұлы бірқатар азаматтарға партия билеттерін тапсырып, Нұрдәулет Оразханов ауданның белсенді азаматтарын марапаттады.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»