Qoǵam
Мақсатымыз – есірткіге қатысты қылмыстық істердің алдын алу
Уәкілетті органдардың есірткімен күресте бірлесіп жүргізген кешенді жұмыстарының нәтижесінде есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылып, оны таратушыларға қарсы күрес күшейтілді, солай бұл саладағы бірқатар қылмыстардың беті ашылды.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады.
Қазіргі таңдағы жаңа қылмыстық кодексте есірткіге қатысты 11 тарауда толық қамтылған, ол 8 баптан тұрады яғни 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303 баптарында толық көрсетілген.
ҚР ҚК-нің 296 бабының санкциясы қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалары қарастырылған.
Аталған бап бойынша 2023 жылдың 12 айында 12 іс қаралған.
300 бабы 1 бөлігі «Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру».
Аталған бап бойынша 2023 жылы 4 іс қаралған.
Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз жұмыс істеу яғни ҚР ҚК-нің 296 бабының санкциясы қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалары қарастырылған.
300 бабының санкциясы 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 600 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотталушылар жоғарыда аталып өткен баптармен айыпталып жазаларын алуда.
Аталған қылмысқа барған азаматтар бақшада есірткі затты өсірудің себебін, денсаулығына ем ретінде қолданатынын айтады. Алайда бұл ақталуға негіз емес екені анық. Заңда көрсетілген қылмыс барлығына тең және мемлекеттің қатаң бақылауында тұр.
Нашақорлықтан запа шеккендер де аз емес, есірткі қолданып адасқандар да көп, отбасыларынан алшақтап өзінің осы дертке қалай батып кеткенін білмей тәуелді болғандар осы есірткі сатушылардың кесірінен болып отыр.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына сай, «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» үшін – мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал егер ірі мөлшердегі есірткі болса – мүлкi тәркiленiп, 6 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер де бірнеше рет аса iрi мөлшердегі есірткі болса мүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер есірткіні кәмелетке толмаған адамға өткізсе мүлкi тәркiленiп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі сату жолдары қазіргі таңда интернет желісіне кеңінен таралуда, сол себептен ата-аналарға балаларына интернет желісінде болуға қадағалау жасау қажеттігі қатаңдату керек, қауіп-қатерді алдын алсақ өз ұрпақтарымызды сақтандыра аламыз, ағайын!
Мейіржан Исақов,
Жуалы ауданы
сот әкімшісінің жетекші маманы