Qoǵam

Оқытуға арналған семинар

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процессіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық ұйымдар, қорлар), бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдерін оқыту бойынша семинар өткізілді.

Жиналысқа аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Бақытжан Данияров және аудан әкімі аппаратының сайлауға жауапты бас маманы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен қатар саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, қорлар) өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шарадағы негізі мәселе 2022 жылға арналған Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды сайлауалды оқытудың күнтізбелік жоспары 2022 жылдың 19 қаңтарында бекітілген болатын. Аталған жоспардың 4 тармағы бойынша Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, қорлар) өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін сайлауалды оқытуды ұйымдастырылды.
Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов ашып, жүргізіп отырды. Ол алғашқы сөзді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Бақытжан Данияровқа берді.
Баяндамашының түсіндірме сөздерінің тезистері экраннан слайд түрінде көрсетіліп тұрды. Бақытжан Данияров өз сөзінде кандидаттарға қойылатын талаптарға, кандидаттарды ұсыну тәсілдеріне, сайлау науқанының ұзақтығы, кандидаттардың сәйкестігін анықтау, әкімдікке кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт кезеңіне және дауыс беру уақтысына жеке-жеке тоқталып, кеңінен тарқатып түсіндірді.
Әрі қарай жиналысқа қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өткен жылғы сайлау мен биыл өтетін сайлаудың айырмашылығын сұрады. Әрбір қойылған сұраққа баяндамашы нақты және тиянақты жауап берді.
Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары да өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Таңдаулы материалдар

Close