Qoǵam
Үйімізді тілсіз жаудан қорғайық
Бұл күндері кез келген үйде тұрмыстық жағдайда «көгілдір отынды» пайдаланады. Бірақ тұрғындардың оны пайдалану ережелерін білмейтіні жасырын емес. Осы орайда сол ережелерді сақтау жөнінде тағы да еске салуды әрі сол көгілдір отыннан өрттің шығуы салдарын айтуды жөн көрдік.
Жел үрлегенде немесе сұйықтық тигенде көгілдір отын сөнеді. Жанып тұрған көгілдір отты қараусыз қалдыруға, сондай-ақ, балалардың пайдалануына тыйым салу қажет. Газ баллонды плитаға 0,5 метр қашықтықтан жақын қоймаңыз. Газ баллонды табиғи газ жүйесіне қосуға және көпқабатты үйлерде пайдалануға тыйым салынады. Жалғамалардың ақауы болғанда және механикалық зардаптар әсерінен көгілдір отын сыртқа шығады. Редуктор дұрыс орналастырылмаған жағдайда өз бетінше көгілдір отын құралын жөндеуге болмайды. Газ құбырына жіп байлап, киім кептіру қауіпті. Газ жіберетін жарақты сабынды су, яғни көбікшелердің пайда болуы арқылы анықтауға болады.
Апат айтып келмейтінін ескерсек, көгілдір отынды пайдалану ережелерін қатаң сақтау керек. Әрине, әр істің алдын алған жөн. Десек те, кездейсоқ жағдайларда мына байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 103 – жедел жәрдем, 104 – газ апаты қызметі. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге хабарлаңыздар.
Құрметті аудан тұрғындары өртті болдырмаудың ең оңтайлы амалы-оның алдын алу.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сөндіру бөлімі