Qoǵam
Суға шомылу кезеңінде аудан аумағындағы су айдындарындағы тұрғындардың қауіпсіздігі
Жаз – су айдындарда демалатын мезгіл, тек қана оны ақылмен жасаған жөн және әрқашан қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет.Аудан су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жоспарлы-ескерту жұмыстарына қарамастан, суға шомылу кезеңінде қауіпсіздіктің қарапайым шараларын және ережені сақтамау себебінен адамдардың суға батып кетуі жалғасып келеді. Жуалы ауданы ТЖ бөлімінін қызметкерлерімен су айдындарындағы қауіптілік туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балаларды сауықтыру лагерлерінде, балалардың жазғы демалу орындарында және су айдындардағы жаппай демалу орындарына профилактикалық рейдтер жүргізіледі.Өкінішке орай, аудан тұрғындарымен су айдындарында қауіпсіздік ережесі бұзылады, оның салдары жазатайым оқиғаға әкеледі. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерінің маңыздылары туралы ескертеді, яғни судағы демалу қайғылы оқиғамен аяқталмауын ескеру қажет. Ыстық күндері судағы жиі болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол мұздайдай суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады.Қажет болған жағдайда 112 нөмірі арқылы құтқарушыларды бірден шақыру қажет. Құтқарушыларды күтіп, оларға жапа шегушінің орнын көрсету қажет.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сөндіру бөлімі