Qoǵam

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін тіл білуді міндеттеу керек» деген пікір жиі айтылады.

Ата Заңдағы 7-баптың 2-тармағы қабылданар кезде де көп дау туғанын жақсы білеміз.

Заң қоғамдағы белгілі бір қатынастарды реттеу үшін қабылданады. Ал біз бү¬гінгі тіл аясындағы заңдарды толыққанды пайдаланып жатқан жоқпыз. Нақтырақ айтатын болсақ, Ата Заңымыздың 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады» делінген.

«Қазақстан Респуб-ликасындағы Тілдер туралы» Заңының 4-бабы, Азаматтық процестік кодекстің 14-бабы, Қылмыстық процестік кодекстің 30-бабы осы қағидаларды сақтайды. Олай болса, кез келген деңгейдегі үлкенді кішілі жиын мемлекеттік тілде өткізіліп, басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын бұзбау үшін мемлекеттік тілді білмейтіндерге аудармашының көмегі көрсетілгені жөн. Бұл нағыз әділеттілік болар еді. Өйткені мемлекеттік тіл біреу ғана, ол – қазақ тілі.

Сот саласында сот ісін жүргізу тілінің тәртібі Азаматтық процестік кодекстің 14-бабында, Қылмыстық-процестік кодекстің 30-бабында нақты көрсетілген. Тергеу органдарымен алғашқы тергеу кезінде жіберілген кемшіліктер соттар тарапынан түзетулер енгізу талап етіледі. Қылмыстық-процес¬тік кодекстің 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады делінген.

Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі ресми тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.

ҚР ҚІЖК 320-322-баптарының талаптарына сай қылмыстық істер бойынша сотталушылар қазақ ұлтының тұлғалары болған кезде, судьялар істі қабылдап алу барысында жоғарыда айтылған мәселелерді жан-жақты анықтап, принциптік баға беруі керек.

«Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» деп көрсетілген заңда. Яғни мемлекеттік билік те, заң да, іс қағаздары да қазақ тілінде сөйлеуі керек.

Рухы мен әдет-ғұрпы бұзылса, әділет пен ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Тілі бұзылған ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды» деп жауап берген екен. Сол айтпақшы, мемлекет мүддесі жеке бастың қызығушылығынан қашанда биік тұрғаны жөн. Онсыз тілді жоғалту оңай, ал тілі жоғалған елдің өзі де ұзақ өмір сүрмейді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тіл байлығын игеруге, ана тілімізді қадырлеуге ықпал ету, Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі екендігін айту.

Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай, аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, оның тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.

Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс.

 

 

Жуалы аудандық

сотының төрағасы

Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close