Qoǵam

Тағайындау

Аудан әкімінің №133-Ж/Қ өкімімен Төреқұлов Керімхан Әуесбекұлы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Төреқұлов Керімхан Әуесбекұлы
1976 жылы Жуалы ауданының Талапты ауылында туған. Білімі – жоғары, 2001 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «мелиорация жұмыстарын механизациялау» мамандығы бойынша тамамдаған. 2004 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығымен бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Жуалы ауданық Зейнетақы төлеу бөлімшесінің бас маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен ардагерлер істері жөніндегі бөлімшесінің басшысы, 2006-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау бөлімшесінің бас маманы. 2008-2012 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, 2012-2022 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 2022 жылдан осы күнге дейін Б.Момышұлы ауылының әкімі болып жұмыс атқарған.

Таңдаулы материалдар

Close