Qoǵam

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Нұр-Мұбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, білікті теолог маман Бауыржан Ботақараев ауданда болды.
Ол өңірге қарасты Ақбастау ауылында орналасқан №16 Жуалы колледжінің, аудан орталығындағы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның, №14 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен, Б.Момышұлы ауылындағы Толымбайтегі Зиябек мешіті, сонымен қатар, аудандық «Мансап» орталығы мекемесінде болып, сондай-ақ, Көкбастау, Ақсай ауылдық округтеріне қарасты бірқатар ауылдардың және аудан орталығы, Б.Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, қатысушылардың сұрақтарына да тыңғылықты жауап берді.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы

Таңдаулы материалдар

Close