Basty bet

Скринингтік сынақтардан өту үшін әлеуметтік демалыс

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (әрі қарай-Еңбек Кодексі) 23 бабының 2 тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жұмыс орнын және орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік тексеруден өтуге демалыс беруге міндетті.
Аталған Кодекстің 87-бабының 4 тармағы скринингтік тексеруден өту үшін демалыс қызметкерге берілетін әлеуметтік демалыстың түрі ретінде белгілейді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексіне сәйкес скринингтік зерттеулер – клиникалық белгілері жоқ халықты ерте кезеңде әртүрлі аурулардың дамуын, сондай-ақ олардың пайда болу қауіп факторларын анықтау және алдын алу мақсатында өткізілетін медициналық тексерулер кешені. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте, көлемдерде және осы зерттеулердің кезеңділігінде скринингтік зерттеулерден өтуге тиіс.
Еңбек Кодексінің 87 бабының 5 тармағының 5) тармақшасында скриннигтік тексерулерге бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде әлеуметтік демалыс беріледі. Осылайша, қызметкер белгіленген скринингтік сынақтардан өткен кезде қызметкерге орташа жалақысына сәйкес ақы төленетін 3 күнге дейінгі әлеуметтік демалыс беріледі. Демалыс беру жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

Гүлжан Орымбаева,
Жуалы ауданы білім беру
қызметкерлері кәсіподағының
құқықтық инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close