Basty bet
Қараусыз қалдырылған тамақ әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін
Тамақ жанған кезде түтін пайда болады, ол тіпті пәтерден тыс жерде де таралады. Жоғары температурадан жанғыш материалдар жануы мүмкін. Пластмассадан жасалған бұйымдар, мысалы, табаның тұтқалары немесе кесу тақтасы ери бастайды. Бұл ретте пластмасса улы заттарды бөледі.
Тамақты пеште қалдырғаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:
– тамақ қыздырылатын электр плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
– плиталарды перделер мен жанғыш материалдардың жанына қоймаңыз;
-егер сіз шаршасаңыз, демалыңыз және демалғаннан кейін ғана тамақ дайындауды бастаңыз;
– пәтерде өрт сөндіргіш болуы пайдалы.
Өрт кезінде «101» немесе «112» нөміріне хабарлаңыз.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ.