Basty bet

Кітап – сарқылмас қазына

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп айтқан екен.

Осы орайда, биылғы оқу жылының басында оқушылардың оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту және мектеп оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру мақсатында бастау алған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №25Ақтөбе тірек мектебінде (РО) 26 мамыр күні «Кітап – сарқылмас қазына» атты қорытынды кеш ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасына оқу жылының басынан бері бастауыш, орта және жоғарғы буын оқушыларынан барлығы 58 оқушы, 28 ата-ана қатысты. Солардың ішінен 4 кезең бойынша іріктеліп, қорытынды кеште оза шапқан оқырмандар бақтарын сынады.
Кеш барысында жыл бойына балаларымен бірге кітап оқыған ата-аналарымыз өз өнерлерін паш етіп, өздерін басқа қырынан көрсетті. Балаларына ерекше қолдау көрсете отырып, оқушы, мектеп, ата-ана арасындағы үштік одақтың мызғымас діңгегі бола білді. Тартысты додаға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің психология ғылымының докторы, кафедра меңгерушісі Шолпан Тұрдалиева, осы оқу орнының аға оқытушысы Венера Сарбасова, Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің оқытушысы Аяужан Шукеева, аудандық мәслихаттың депутаты Ұлан Айхожаев және мектеп директоры Гүлнар Әбілдаева төрелік жасады.
Әділ қазылар алқасы барлық қатысушыларды мұқият тыңдап, оқыған шығармаларынан үзінді айтқызып, сұрақтар қойып, жан-жақты саралады. Нәтижесінде, оза шапқан үздіктер анықталды.
Атап айтсақ: “Үздік оқырман” статуэткасын Арайлым Оразбаева, Эльмира Фейлова, Сәуле Әбенқызы иеленіп, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Үш оқушыға велосипед, үш оқушыға музыкалық құрылғы, үш оқушыға мектеп сөмкесі, үш оқушыға скейт табысталса. Қалған 15 оқушыға музыкалық микрофон, буфер, құлаққап сияқты сыйлықтары берілді. Сонымен қатар, ерекше ынтамен оқыған тоғыз оқушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Кешіміздің өз деңгейінде өтуіне өз үлестерін қосып, жомарттық танытып жүрген ауылымыздың кәсіпкер тұрғындары мен мектебіміздің жомарт түлектеріне өз алғысымызды білдіреміз.

К.Ахметова,
директордың тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close