Basty bet
Жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар
Маусымдық жазғы балаларды сауықтыру объектiлерiнде балаларды сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар пайдалану нысанның санитариялық ережелерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Бұл санитарлық ережелер лагерь аумағында зақымданбаған қоршау болуы керек екенін көрсетеді. Объектілерде тұрмыстық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету, жылытудың қамтамасыз етілуі жақсы жағдайда болуы керек. Барлық үй-жайлар таза болуы керек, күнделікті тазалау жуғыш және дезинфекциялық құралдарын қолдану арқылы жүргізілу керек. Дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіледі және жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Объектілерде объекті басшысы бекіткен перспективтік мәзір жасалады. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Өндіруге және сатуға рұқсат етілмейтін өнімдер: сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтар. Сондай-ақ пайдалануға рұқсат етілмейтін өнімдер: пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға жол берілмейді. Дайын тағамды беру медициналық қызметкердің дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынады.
Медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын азайтуға және денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасайды, үй-жайлардың, аумақтардың, суға түсу және спортпен айналысу орындарының дайындығын тексереді, балалардың денсаулығын динамикалық бақылауды жүзеге асырады, шынықтыру, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді, қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеру объектілерінен уақтылы өтуінің есебін жүргізеді. Барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті.
Санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды. Балалардың денсаулығы дұрыс теңдестірілген тамақтанудан, дұрыс ұйқыдан, дене шынықтырудан және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті тәртіптен тұрады.
Марат Искаков,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы