Basty bet

Табиғи өрттердің алдын алу

Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде өрттің пайда болу қаупі бар, өйткені ыстық ауа-райында саябақтар мен ормандар тұрғындардың сүйікті орнына айналады. Тоғандарда серуендеу мен шомылудан басқа, кәуап дайындау от жағусыз жасалмайды, бұл өртке, сәйкесінше адамдардың өліміне және жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Еске саламыз, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасы “өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзу немесе орындамау”.
1. 410-бап 1-бөлім “өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзу немесе орындамау”.
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 410-бап 2-бөліктер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), –
Жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Заңсыз өртеулер, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, орылған шөпті жағу, орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз.
Еске саламыз! Өртке қарсы қызметті шақыру телефоны: Ұялы телефондардан қоңырау шалған кезде:”101″. – “112”.

Аудандық өрт
сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close