Basty bet

Шығармашыл жастарға арналады

Аудан орталығындағы №1 Балалар өнер мектебінің ұйымдастырумен «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты жазғы лагерь өтуде. Лагерьге аудан орталығының әртүрлі жас аралығындағы жастарының қатысуына мүмкіндіктер жасалған. Жалпы 32 мұғалім үш ай демалыста бөлініп, балалардың бос уақытын барынша тиімді, ұтымды етіп өткізуге атсалысуда. Жазғы демалысты мейлінше қызықты етіп өткізу үшін балаларға домбыра, баян, гитара, көркем сурет, қолөнер, эстардалық ән салу, хореография, театр бағыттар негізінде мұғалімдерге күнделікті екі сағат бөлінген.

Аталған үйірмелер ойын балалардың өнерге деген суретке деген қабілетінің ашылуына жол ашады. Жалпы лагерьге 200-ден астам балаларды қамтып, оларды өнерге баулу көзделген. «Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, ұстаздар баланың икемділігіне қарай, баланың болашақта өз жолын табуына көмектеседі.
Өнер мектебінің мақсаты – келген балалар бір ғана үйірмені таңдап, оны тереңірек меңгеріп, болашақта мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету.
Жазғы лагерьге жауапты ұстаздар жоспар бойынша бала бойындағы қабілеттің кілтін табуға тырысады. Театр мұғалімдері қызықты ертегілерді оқып, оны сахнада сомдап, ертегілер еліне саяхат жасап, өздерін сахнада қалай ұстау керектігін үйретуде. Сонымен бірге, «Бояулар құпиясы», «Демаламыз күлеміз – көңілді жазды сүйеміз», «Достық асыл – қасиет», «Көңілді сәттер», «Әнші болғым келеді!», «Жақсы көңіл сылай біл!», «Қағаздан бұйымдар жасау» және «Керексіз заттардан тұрмысқа қажетті заттар жасап үйрену» атты тақырыптарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған өнер мектебі аудандық, облыстық, республикалық түрлі байқауларда өз өнерлерін үлкен сахналарда көрсетіп жұлдыздай жарқырап жүрген көптеген шәкірттердің шығуына ықпал жасап келеді. Мектеп түлектеріне болашағын өнер жолымен байланыстара отырып, колледждерге және өнер академиясына түсіп, осы саланы түбегейлі меңгеруіне мүмкіндіктер беріледі.

Таңдаулы материалдар

Close