Basty bet
Жемқорлықтың алдын алу басты талап
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Экономикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер – экономиканың құлдырауы, азаматтық қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекет институтының тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен күрес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты.
Мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы, қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық сауаттылығын арттыру керек. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтер цифрландырылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етуі қажет.
Марат Искаков,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы