Basty bet

Судағы қауіпсіздік – басты назарда!

Ағымдағы жылдың 1-6 тамызы аралығында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдарымен және волонтерлармен бірлесіп, судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында «Теріс-Ащыбұлақ» демалыс орталығында, «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының жағалауында, «На речке» демалыс орталығында және Теріс өзені ағып өтетін Ақбастау, Теріс, Нұрлыкент және Бақалы ауылдарында өзен бойында демалушыларға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, судағы қауіпсіздікті сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары кезінде демалушыларға ҚР ӘҚБТ кодексінің 364-бабы Тыйым салынған жерлерде шомылу – жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғатыны туралы ескертілді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде барлығы 630 адам қамтылып, 750 жадынама таратылды. Басты назарда балалардың және демалушылардың судағы қауіпсіздігі. Сондықтан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close