Basty bet

Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормалары

Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет.
Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Біз мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдебінің стандарттары) ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және т.б. бағытталған жұмыстар жасаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді: кездесулер, семинарлар, әңгімелер ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады.

Қанат ӨТЕПОВ,
Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close