Basty bet
Нашақорлыққа жол жоқ!
Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болып келеді.
Елімізде есірткімен күрес шаралары күшейтіліп жатса да, өз өмірлеріне балта шауып жүрген нашақорлардың саны кемімей отыр.
Аудан аумағында ағымдағы жылы есірткі затын тұтыну және сақтаумен айналысқаны үшін 5 азаматқа сот үкімі шығарылған.
Атап айтқанда, 21.06.2023 жылы Жуалы ауданы полиция қызметкерлерімен Б.Момышұлы ауылы, Парасат көшесі бойында М.Керимбаевтың басқаруындағы “Ауди А-6” маркалы автокөлігін тоқтатып, қарау жүргізу барысында, автокөлік жолаушысы Х.Ж-ға тиесілі жалпы салмағы 0,95 граммды құрайтын «каннабис шайыры» есірткі заты анықталған.
28.07.2023 жылғы Жуалы ауданы сотының үкімімен Х.Ж ҚК-тің 296-бабы 3-бөлігімен кiнәлi деп танылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Тура осындай сот үкімдері У.К., К.К., В.П. мен Р.Р. қатысты шығарылған.
Еліміздің болашағы жарқын болсын десек, жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанған жөн.
Жуалы ауданының прокуратурасы