Basty bet
Тері аурулары жайлы не білеміз?
Дерматомикоз (трихофития, микроспория) – бұл адамдар мен жанжануарларда кездесетін микроскопиялық таз ауруы – дерматофитке әкеп соқтыратын жұқпалы індет. Дерматомикоз ауруларының қоздырғыштары – саңырауқұлақтар (грибоктар), жануарлар мен адамдарда кездесетін түрлері көп. Негізгі ауру көзі науқас адам мен жануарлар. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (тарақ, жөке, киім және т.б.) арқылы, ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануарлары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы ықтимал. Жұқпалы тері аурулары (микроспория) шаш пен жылтыр теріні зақымдайды. Дененің тері, бет және аяқ бөліктеріне дөңгелек тәрізді қызғылт түсті теңбіл, ақшыл – сұр қабықпен жабылған, жеңіл қышыма пайда болады. Шаш түскіш болып кетеді.
Жуалы ауданында 2023 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша дерматомикоз ауруынан 33 жағдайы (2022ж.-34 жағдай) тіркелініп отыр. Дерматомикоз (микроспория, трихофития) ауруы бойынша,14 жасқа дейінгі балалар – 25 (109,8 %),үйдегі балалар арасынан -2, оқушылар арасынан -23 науқас тіркелінген. Былтырғы жылмен салыстырғанда бес ауруға төмендеген. Дерматомикоз ауруын жұмыс жағына бөлсек:1,бала/бақшадан-2,оқушы25,студент СУЗ, ВУЗ- 1,үйдегі бала- 2,жұмыссыз-3 ауру тіркелінген. Дерматомикоздың алдын алу үшін жеке гигиеналық заттарды қолданыңыз, қоғамдық орындарға барып келген соң қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз, үй жануарларын уақтылы мал дәрігеріне көрсетіп, ектіріп тұруды назардан тыс қалдырмаңыз, ал егер індетті жұқтырып алған жағдайда; өздігінен жазылып кетеді деп қол қусырып отырмаңыз, үй жағдайында ем жүргізбей, дерматолог дәрігерге қаралыңыз.
Жұқпалы тері ауруларын алдын алудың ең маңызды іс-шараларды: -жеке бас гигиенасын сақтау; -үйдегі жануарларды, иттерді, мысықтарды уақтылы мал дәрігеріне көрсетіп, тексеруден өткізу және оларға жұқпалы тері ауруларына қарсы егу жұмыстарын жүргізу.
Сәнімгүл Тілеш,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің
бас маманы