Basty bet

Өрт сөндірушінің еңбегі ерлікпен пара-пар

1995 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елімізде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік Комитеті құрылды.
Қазіргі уақытта халықты төтенше жағдайлардан, түрлі сипаттағы апаттардан, өрттерден және дүлей-зілзалалардан қорғау мақсатында елімізде төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс атқаруда. Түрлі кәсіп иелері секілді республиканың жалпы өңірлерін және оның нысандарын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе қызметкерлері де 19 қазанда өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Биыл тәуелсіз Қазақстанның Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 28 жыл толады.
Қоғамдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаудың салдарынан туындайтын өрттермен бетпе-бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын мамандық иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Кез келген сәтте тілсіз жау өзіңе тап беріп немесе жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, иіс тиіп, ес жоғалтуың әбден мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тырысатын өрт сөндіруші мамандарының еңбегі ерлікпен пара-пар.
Осы ретте, барша құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әріптестерге мықты денсаулық тілей отырып, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметіне сәттілік, отбасыларына амандық тілейміз!

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close