Basty bet

Кәмелет жасқа толмағандар көлік басқаруда

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 610-б. 3-б. (Көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша Т.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы Т. 2023 жылдың 29 маусымында көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Б.Момышұлы ауылы көшесінің бірінде көлікті басқарып келе жатып, көлігінің рөліне ие бола алмай, жәбірленуші А. көлігіне соқтығысып, нәтижесінде көліктегі үш жәбірленушіге жеңіл түрде зақым келтірілген.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 610-б. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 34 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close