Basty bet
Жолаушылар мен багажды автомобиль мен ауылішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
Хабарландыру
1. Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылғы 24 қарашада, жергілікті сағат 15.00-де, Жуалы ауданы, Жамбыл көшесі, №12 үй, мекен жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады:
№ 1 лот «Орталық базар-Аудандық аурухана»
№ 2 лот «Орталық базар-Талапты»
№ 3 лот «Диқан-Орталық базар»
№ 4 лот «Аудандық аурухана – Жүрімбай»
№ 5 лот «Бәйтерек-Б.Момышұлы»
№ 6 лот «Қошқарата- Б.Момышұлы»
№ 7 лот «Нұрлыкент-Б.Момышұлы»
№ 8 лот «Шақпақата-Б.Момышұлы»
№ 9 лот «Шымбұлақ-Б.Момышұлы»
№ 10 лот «Көлтоған-Б.Момышұлы»
№ 11 лот «Күреңбел-Б.Момышұлы»
№ 12 лот «Алатау-Б.Момышұлы»
№ 13 лот «Бақалы-Б.Момышұлы
№ 14 лот «Билікөл-Б.Момышұлы»
№ 15 лот «Қарабастау-Б.Момышұлы»
3. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жуалы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Қонаев көшесі, № 1/2 үй мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 24 қарашадағы сағат 15:00-ге дейін.
6. 2023 жылғы 31 қазанға сағат 15.00-де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
7. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72635) 2-03-96.