Basty bet

Әртүрлі мәселелер қаралды

Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері шақырылды.
Жиында аудан әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.
Аталған бірінші мәселе бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова есептік баяндама жасады.
Аудандық қоғамдық кеңес шешім қабылдады:
1. Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2023 жылдың 20 қазанындағы №8-410 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-2 шешіміне өзгерістер енгізуге оң ұсыным берілсін.
2. Аудандағы аудан әкімінің сайлауы өтуіне байланысты және аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің осы саяси науқанға аудан әкіміне үміткерді қолдау үшін құрылған штаб мүшелері, сенімді өкілдері болуына сәйкес, 2023 жылдың ІІІ, IV тоқсанындағы қоғамдық кеңес жұмыс жоспарының зерделеу, талдау, қоғамдық бақылау жұмыстары қараша-желтоқсан айларында жандандырылсын және жыл қорытындысы бойынша Заң талабына сәйкес, БАҚ-құралдарында жариялау үшін дайындалсын.

А.Уркумбаев,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close