Basty bet

Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары!

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы оқуға шақырамыз! Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. 2023 жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті. Біз жоба қатысушыларының жоғары бағасын алдық!
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының өңірлік кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.
Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т.б. үйренесіз.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады. Ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз.
Барлық құжаттарды емайлға (электрондық почта) жіберіңіздер: kzulydala@gmail.com, bekmurzaeva_akmaral@mail.ru
Оқыту тегін жүргізіледі!

«AMANAT» партиясы

Таңдаулы материалдар

Close